На странице предоставлена возможность скачать песню QARAKESEK - Амалсыз в хорошем качестве бесплатно!. Слушать новую песню Вы сможете онлайн на нашем сайте МузоКонг или загрузить ее в пару кликов на свой смартфон в mp3 формате.

Текст песни

Жасыңды төгіп жасырын қаласың ба,
Жападан жалғыз жалғыздар қаласында?
Алыс жақтарға қанат қаға алмай қалмашы,
Қалған аққудай тартылған көлдің жағасында.
Арада көпір бар секілді пышақтың жүзіндей,
Үміт лезде үзілді, тұра алмады үзілмей.
Өте алмадым, өте алмадың сен де,
Амалсыз үнсіздікте қала берген екі пенде.


Мен сені іздемеген күнім болмаған,
Мен сені сұрап келем күн-түн, айдан, жылдардан.
Табылмағаныңды-ай, таба алмағанымды-ай,
Бастап тұрған бағын бағаламаған екі сормаңдай.


Біз емес, біздің нәпсіміздің қалауы болды,
Нәпсі жаман, жаным, бұтыңа қарауыл бол.
Байқамасаң, қате аяғыңның астында,
Өзің кінәлісің, өзіңе біреулерді қас қылмашы, иә ма?
«Ойландым» дейсің, айтшы, не ойладың,
«Ойнадым» дейсің, айтшы, неге ойнадың?
Кім, айтшы, сенің алдыңда қазір, а, жетісіп тұр,
Сенің сөйлеп жатқан сөздерің миымды cігіп тұр.
Өмірге бір келеміз, дұрыс сөйлесуге жарамадық,
Уақыт өтті, х*ле, жоғалуда бар амалым.
Жайын айта ма басыңдағы орамалдың
Сен сенетін, сыйынатын жұлдыз-жорамалың.
Мен саған не айтқым келгенін қазір жобаладың,
Кейде-кейде дейтін шығарсың «Өлеңіңмен жоғал әрі!».
Уақыт өлтіреді, сосын мен де жоғаламын,
Менен кейінгілер - ауыр ой зобалаңы.


Мен сені іздемеген күнім болмаған,
Мен сені сұрап келем күн-түн, айдан, жылдардан.
Табылмағаныңды-ай, таба алмағанымды-ай,
Бастап тұрған бағын бағаламаған екі сормаңдай.
Мен сені іздемеген күнім болмаған,
Мен сені сұрап келем күн-түн, айдан, жылдардан.
Табылмағаныңды-ай, таба алмағанымды-ай,
Бастап тұрған бағын бағаламаған екі сормаңдай.


Ай-ай-ай-ай-ай-ай...

Комментарии

Минимальная длина комментария - 50 знаков. комментарии модерируются
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Комментариев еще нет. Вы можете стать первым!